Неліктен қазіргі балалар кеш сөйлейді?
Бүгінгі ұрпақтың кеш сөйлеуі және мәселені шешу жолдары.Неліктен қазіргі балалар кеш сөйлейді?
Қазіргі зерттеулер кейбір балалардың алдыңғы ұрпақтармен салыстырғанда әлдеқайда кеш сөйлей бастағанын көрсетеді. Бұл мәселе ата-аналарды, тәрбиешілерді және балаларды дамыту саласындағы мамандарды алаңдатады. Балалардағы сөйлеудің кешігуіне әсер етуі мүмкін бірнеше факторларды қарастырайық.
1. Гаджетті шамадан тыс пайдалану. Бүгінде балалар смартфондардың алдында көп уақыт өткізеді. Бұл тілді дамытудың негізгі аспектілері болып табылатын қарым-қатынас пен ойынға кететін уақытты азайтып, даму деңгейін шегейді.
2. Құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы. Бұрындары көше-алаңда ойнап, күліп жүретін бүлдіршіндерді жиі байқайтын едік. Алайда, қазіргі қоғам жағдайында балалар басқа балалармен үнемі байланыста болмайды, тіпті доп теуіп ойнамайды да. Құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру сөйлеуде маңызды рөл атқарады.
3. Ата-анамен қарым-қатынастың жеткіліксіздігі. Ата-аналардың жұмыспен...