Үш ұры мен патша
үнді ертегісі, Үш ұры мен патша, Күндердің бір күнінде үш ұры тегін олжа іздеп ұрлыққа шығыпты. Дәл сол уақытта әлгі елдің патшасы да қол астындағы халқының тұрмыс жағдайын білмекші болып, үстіне жұпыны киім киіп, қаласын аралауға шығады. Үш ұрыны көрген патша қастарына барады да: Әлем халықтарының ертегісінен, әлем халық ертегілері
Күндердің бір күнінде үш ұры тегін олжа іздеп ұрлыққа шығыпты. Дәл сол уақытта әлгі елдің патшасы да қол астындағы халқының тұрмыс жағдайын білмекші болып, үстіне жұпыны киім киіп, қаласын аралауға шығады. Үш ұрыны көрген патша қастарына барады да:
— Сендер кімсіңдер, бауырларым? — деп сұрайды.
— Біз ұры едік, жымқырып кететіндей бірдеңе бола ма деп жүрміз, — дейді олар.
— Ал өзің кімсің?
— Мен де ұрымын. Ал сендер ұры болсаңдар, жұрттан асқан қандай өнерлерің бар? — деп сұрады патша.
— Менің көзімнің өткірлігі сонша, — деді біреуі, — қандай құлыпқа қарасам да өзінен өзі ашылып кетеді.
— Менің иіс сезгіштігім...