Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы мен техникасы БҚО-дан Атырау облысына қарай көшеді
АСТАНА. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысының аумағын әуеден бақылау барысында вице-премьер Қанат Бозымбаев Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы мен техникасын су тасқынының шарықтау шегінен өткен аудандардан Жайық өзенінің төменгі ағысындағы Атырау облысының шекарасына дейінгі елді мекендерге көшіруді тапсырды.