Қарағанды облысында вирусты инфекция жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының медицина ұйымдарына күн сайын жіті респираторлық вирустық инфекциясы (ЖРВИ) бар тұрғындардан 300-ге дейін өтініш келіп түседі. Олардың шамамен 60%-ы балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.